Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодарлықтар: «Көшелердегі қарды дұрыс тазаламайды»

Қоғам

35
Соңғы тәулікте қаладан полигонға 4 мың тонна қар шығарылды. Коммуналшылар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, жаяужолдарды, көшелерді, аялдама павильондарын тазалауда.

Қала әкімдігінде қардың көптеп түсуіне байланысты коммуналдық қызметкерлер тәулік бойы жұмыс тәртібіне көшкенін мәлімдеді. Алайда, павлодарлықтар, олар тек орталық көшелерді тазалайды деген ойларын айтуда. Оның өзінде аялдамаларда қардың асты мұз болып жатыр. Байқап жүрмесе, оңбай құлауы мүмкін. Кейбір жерлерге қарды үйіп кетеді. Ыңғайсыздықтар көп, - деді қала тұрғындары.

 

- Өткен тәулікте қаладағы қар тазалау жұмыстарына 160-тан астам арнайы техника бірлігі, бұл: 35 жүк көлігі, 70 әртүрлі модификациядағы самосвал, 45 жинау сыпыру техникасы және 17 құм шашқыш машинасы, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Қала көшелерін тазалау жұмыстары жалғасуда. Қыс басталғалы Успенкөпірінің арғы жағындағы полигонға 200 мың тонна қар шығарылды. 4 мыңы соңғы тәулікте. Синоптиктердің болжамы бойынша қар жұма күнге дейін жауады.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()