Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодарлықтар ауладағы құрылыс жұмыстарына қарсы

Қоғам

94
Құрылыс жұмыстарына қарсымыз. Торайғыров көшесіндегі №44/1-үйдің ауласында ағаштар орналасқан кезекті жер телімі қоршауға алынды.

Мұнда бұрын ақылы көлік тұрағы болған. Өткен жылы күзде жабылып, биыл бос тұрған жер қайта қоршауға алынды. Жергілікті тұрғындар ондағы ағаштардың жағдайына алаңдайды. Сонымен қатар, барлық ауыр техника ауламыз арқылы жүреді деп отыр.

 

- Қазір біз бұл жер телімі кімге тиесілі екенін анықтаудамыз. Жұмыстарды кім жүргізіп жатқынын білгіміз келеді. Нысан құжаты жоқ. Әкімнің есептік кездесуінде мен бұл сұрақты көтерген болатынмын. Ол мәселені шешуге ат салысамын деген уәде берді, - деді Торайғыров көшесіндегі №44/1-үйдің тұрғыны Светлана Гребенщикова.

 

- Мұнда бұрын қайың тоғайы болған. Онда стационарға келген науқастар демалатын. Бүгінде ағаштарды кесіп жатыр. Ең алдымен көлік тұрағы бірнеше көшеттің көзін құртқан. Қазір енді мыналар ағаш кеседі. Қаламызда қаншама бос жер бар. Дәл біздің аулаға келіп құрылыс бастағандары дұрыс емес, - деді Торайғыров көшесіндегі №44/1-үйдің тұрғыны Лидия Неумержицкая.

 

Тұрғындармен сөйлесуге мердігер шықты. Оның айтуынша, қазір жер телімінде коммуникацияларды сыртқа шығару жұмыстары орындалуда. Қала әкімдігінде жағдайға қысқаша түсініктеме берді.

 

- Генерал Дүйсенов көшесіндегі №4/8 мекенжайындағы жер телімі 2009-шы жылдан жеке мүлік болып табылады. Ол колледж ғимаратына қатысты жер телімі. Онда құрылыс жұмыстарын бастау бойынша әкімдіктен ешкім рұқсаттама қағазын алмаған, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Бұл дегеніміз алдағы уақытта мұнда ешқандай ғимараттың құрылысы басталмайды. Мердігер құжаттама әзірлегеннен кейін жер телімінде ғимарат туралы ақпарат пайда болады.

 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()