Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодарлықтар емханаларға тіркеліп болды

Қоғам

17
Өңір тұрғындары көбінде Almaz Medical Group, №1 және 4 емханаларға жүгінеді екен. Бұл жыл сайынғы халықты медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны барысында белгілі болды. Облыс бойынша жалпы 8000-нан астам адам нақты емделетін ұйымды таңдап үлгерген.

Халықты емханаларға тіркеу науқаны жыл сайын жүргізіледі. Биыл ол қыркүйекте басталып, екі ай ішінде аяқталды. Нәтижесінде 8047 адам қаралатын медициналық мекемесін ауыстырды. Оның ішінде 965 азамат еркін таңдау құқығын пайдаланыпты. Шара барысында емделетін орынды өзгертуге ешқандай шектеу жоқ. Яғни учаскелік дәрігер науқастың тұрғылықты мекенжайына қарамастан тіркелген жеріне байланысты қызмет көрсетуге міндетті. Бұл туралы онлайн брифинг барысында мәлім болды.

 

- Бізде 14-06 байланыс телефоны тәулік бойы жұмыс істейді. Соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша тұрғындар тарапынан 300-ге жуық шағым келіп түсті. Көбінесе сапасыз қызмет көрсету немесе күту уақытының тым ұзақтығы туралы. Сондай-ақ дәрігер түскен шақыруға баруға міндетті. Себебі дәрігер әр бір адам басына еңбекақы алады, - деді «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Әлия Түлжанова.

 

Дәрігерлердің жүктемесін азайту мақсатында жаңа 10 учаске құрылды. Сондай-ақ кезектердің санын кеміту үшін бір жалпы тәжірибе дәрігерінің жүктемесіне 1700 адамға дейін шектеу қойылды. Бұған дейін бұл көрсеткіш 2000-ға дейін жеткен. 2021 жылы қосымша 5 емханамен келісімшарт жасалады. Науқан барысында өңір тұрғындары жиі жүгінетін емханалар анықталды. Олар: «Almaz Medical Group», №1 және 4 емханалары.  

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()