• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтардың қоғамдық көлік жүрісіне қатысты шағымдары ескерілді

Павлодарлықтардың қоғамдық көлік жүрісіне қатысты шағымдары ескерілді

 

Тұрғындар оңтайландыру жұмыстарына қатысты өтініштерімен әкімдікке жүгініп, жүргізілген мониторинг нәтижесінде бірнеше бағытқа өзгерістер енгізілді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Қоғамдықкөлікбағыттарыныңсызбаларытамыздың 20-сыоңтайландырылды. Қалалық ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, бұл шешім қоғамдық көлік бағыттарының бір-бірін қайталауы себепті қабылданған. Мамандардың айтуынша, өзгерістер жолаушылар ағынын бақылау арқылы жүргізілген мониторинг нәтижесіне негізделген. Сонымен қатар, тұрғындардың сұраныстары да ескерілген. Қазір павлодарлықтардан ұсыныстар мен шағымдар қабылданып жатыр. Егер олар негізді болса, жауапты бөлім болашақта ескеруге уәде береді.

 

- 109 бірыңғай қызметі мен eOtinish электронды платформасы арқылы тұрғындардан өтініштер қабылданды. Қалалық жедел желіге 83 өтініш келіп түскен, ал eOtinish платформасы арқылы 90-нан астам азаматтық өтініш тіркелді,-деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімі қоғамдық көлік жөніндегі сектор меңгерушісі Гүлнар Асылханова.

 

Сондай-ақ, ТҮКШ бөлімінде қыркүйектің 20-сы қоғамдық көлік жүрісін өзгертуге қатысты қорытынды шешім қабылданатынын атап өтті. Онда қазіргі маршруттар сол күйінде қала ма, әлде тұрғындардың ұсыныстары ескеріліп, өзгеріс енгізіле ме – нақты белгілі болады. Бағыттардың алдын ала оңтайландырылған сызбасымен Павлодар қаласы әкімдігінің ресми Instagram парақшасынан танысуға болады.