Павлодарлықты көршілерінің шағымынан кейін маскүнемдіктен емделуге жіберді
Торайғыров 73 мекенжайындағы көпқабатты үй тұрғындары полициядан ұжым болып көршіні тыныштандыруды сұрады. Адамдардың айтуынша ер адам шулы топтар жинап, аумақты ластап келген деп хабарлайды irbistv.kz.
Полицияда хабарлағандай көршілер сасық иіс, қоқыс пен шу және қауіптілік туралы хабарлаған. Мұның барлығына олар ер адамды айыптады, және ол үйінде үнемі отырыстар жасап келген.
-Біздің подъездегі антисанитариялық жағдай жағамызды ұстатып отыр. Ол ешқашан тазалық пен тәртіпті сақтаған емес. Қоқытан түрлі заттарды пәтеріне тасиды. Біртүрлі мінезі бар көршіні тыныштандыру мүмкін емес. Ол ішімдік ішіп, барлығын балағаттайды, - деп жазған көпқабатты үйдің тұрғыны.
Аймақтық полиция департаментінде өтінішті жергілікт учаскелік полицияға жібергендерін айтты. Ризабек Төкебаев құжаттарды жинап, ер адамды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге бағыттады. Дәлел ретінде көршілердің жауабын ұсынған.
Фото: Freepik.com
