Павлодарлық 4 жасар қыздың өмірін сақтап қалды
Кейін ол жілік майы донорлары қатарына қосылған. Ал 2019 жылы Ержан бастапқы иммунтапшылығы ауруына шалдыққан 4 жасар қызға өз ағзасының сәйкес келгенін біледі.
- Астанадан ұлттық трансфузиялық орталығынан хабарласып, менің Мәскеуден бір қызға донор болуға мүмкіндігім бар деді. Содан бір жылдан соң Астанаға барып сәуірде донор болдым, - дейді донор Ержан Досымжанов.
Қазіргі таңда балақайдың денсаулығы түзеліп келеді. Бүгін жілік майын тапсырып, бүлдіршінге өмір сыйлаған Ержан Досымжановты денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов құттықтап, алғыс хат табыстады.
- 2012 жылдан бері біз Нұр-Сұлтандағы ғылыми өндірістік орталығына жілік майы донорларының 565 қан үлгісін жібердік. Жілік майының 100 пайыз сәйкес келуі өте сирек кездесетін жағдай. Тек туыстар арасында болуы мүмкін. Алайда жоғарыда аталған бүлдіршінге біздің жерлесіміздің доноры сәйкес келіп тұр, - дейді Павлодар облыстық қан орталығының директоры м.а. Муслим Сұлтанов.
Айта кету керек, жілік майы донорларының бірыңғай реестрі біздің елімізде 2012 жылдан бері бар. Жыл сайын Қазақстанда мұндай көмекке 300-ден астам адам мұқтаж екен. Олардың жартысынан көбі балалар мен жасөспірімдер.
Авторы: Бибінұр Хамитқызы