Павлодарлық адам өлімі үшін жазаланбады
Қалалық №2-сот хабарлағандай 2020 жылдың қазан айында трамвай депосы аумағында автотиегіш жүргізушісі жаяуды басып кетті. Жапа шегуші сол жерде көз жұмған. Тергеу жүргізіліп, кінәсі дәлелденді.
- Сотпен абайсызда өлімге әкелу фактісі бойынша қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңының» 2-бабы, 1.1-тармағына сәйкес сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Қылмыстық іс тоқтатылды, - деп мәлімдедіПавлодар қалалық №2-сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева.
Сотта атап өткендей жапа шегуші кінәліге қатысты рақымшылық қолданылатынына қарсы болмаған. Және оның моральдық және материалдық шығынды толығымен өтегенін айтты. Қылмыстық жазадан босатуды прокурор да қолдады.