• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық алпауыт тұтынушыларға 2,3 миллион теңге қайтарады

Павлодарлық алпауыт тұтынушыларға 2,3 миллион теңге қайтарады

Жылыту маусымы басталғалы біздің арнамызға да, жауапты мекемелерге де үйлердегі салқын батареялар бойынша көптеген шағымдар келіп түскен еді. Аталмыш мәселеге қатысты табиғи монополияларды реттеу департаментіне өтініш келіп, мамандар жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде, қызмет көрсетуші алпауытты ірі көлемде қайта есептеуге міндеттеді.

 

- Тексеріс нәтижесінде департамент ұйғарым шығарды. Оған сәйкес, «Павлодарэнергосбыт» тұтынушыларға заңсыз есептелген соммаларды қайтаруға міндетті. Тұрғындардың жеке шоттарына жалпы 2,3 миллион теңге көлемінде қаражатты қайтаруы керек, - деді ҚР ҰЭМ Павлодар облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті басшысы Ибрагим Тангиев.  

 

Жарты миллионға жуығы жеке абонеттерге берешек болса, заңды тұлғаларға 1 миллион теңгеге жуық қаражат қайта есептелу қажет. Жылуды дұрыс көлемінде ұсына алмай, сынға ұшыраған алпауыт енді 10 күн ішінде павлодарлық тұтынушылардың қаражаттарын қайтаруы керек.