• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық ана дамуында менталдық өзгешеліктері бар балаларға көмектескісі келеді

Павлодарлық ана дамуында менталдық өзгешеліктері бар балаларға көмектескісі келеді

Оған дейін әлеуметтік қорғаумен байланысты түрлі мемлекеттік мекемелерде болған. Барлығы оны біледі. 7 және 9 жастағы екі баланы тәрбиелеуде қиындықтардан өтуге тура келген. Сондықтан әйел қор ашып барлық ата-аналарды біріктіру керектігін түсініпті. 

- Мемлекеттік жүйе бойынша көмек тек белгілі санаттағы балаларға беріледі. Ал менталдық бұзушылықтары барлар ешқандай көмекке үміттене алмайды. Бізге ештеңе тиісті емес. Мен менталдық бұзушылықтары бар адамдарды қолдауды қолға алған алғашқылардың бірімін, - дейді «Maruv» қайырымдылық қорының президенті Мария Романцова.

Көптеген мәселелерді шешіп, құжаттарды дұрыс толтыруға «Nur Otan» партиясында уәде берді. Мұнда бүгін Мария Романцова көптеген мемлекеттік мекеме басшыларымен танысты.

- Әрине, қазір үлкен әдістемелік көмек қажет. Құжаттарды рәсімдеуде, басқа да үкіметтік емес ұйымдармен байланыста болуға қолдау керек, - деді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлбарам Белялова.

Қордың басты мақсаты – дәрі-дәрмекпен, оңалтумен және емдеумен көмектесу. Бар болғаны екі аптада бір балаға электрсорғы алуға жәрдемдескен.