• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық ата-аналар балабақшалардағы басшылық ротациясы тиімділігіне күмән келтіруде

Павлодарлық ата-аналар балабақшалардағы басшылық ротациясы тиімділігіне күмән келтіруде

 

 

Айтуларынша, мектепке дейінгі мекемелердің директорларын ауыстыру кезінде олар есепшіден бастап медицина қызметкеріне дейін барлық ұжымды өзімен бірге жаңа оқу орнына алып келетін көрінеді.

 

Білім шенеуніктері мәлім еткендей, ротация жұмыс сапасын арттыруға бағытталған. Егер директор ұзақ жылдар бойы бір білім ордасын басқарса, бұл мотивацияның төмендеуі мен жаңа көзқарастардың болмауына әкеліп соғады. Анықталғандай кейбір басшылар жаңа орынға бұрынғы ұжыммен ауысып, осы идеяны бұзған көрінеді.

 

- Біз бұл мәселені қадағалаймыз, яғни ротациялар кезінде олар хабарламаларға қол қойған кезде, бір балабақшадан екіншісіне тек басшы ауысуы керек. Ұжымдық ауысуды біз құптамаймыз,-деді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Маликова.

 

Сонымен қатар, «Ирбис» телекомпаниясы балалары мемлекеттік балабақшаларға баратын ата-аналардың шағымын жеткізді. Айтуларынша, түбіртектерде қателіктер жіберіле бастаған. Білім бөлімінде бұл маманның жоқтығынан дейді.

 

- Барлық балабақшаларда есепші қарастырылған, төрт топтық балабақшалар бар, сегіз топтық та бар. Сәйкесінше, барлығында есепшінің орны 1-ден 0,5-ке ставкаға дейін қарастырылған,-деді Айгүл Маликова.

 

Білім беру бөлімінде балабақшаларды ретке келтіруге уәде берді. Ал ротацияның тиімді жұмыс істеуі мониторинг арқылы бақыланады.