• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық автосүйерлер қаладағы жалғыз автодромның қазіргі жағдайына наразы

Павлодарлық автосүйерлер қаладағы жалғыз автодромның қазіргі жағдайына наразы

Әкімдіктегілер жөндеу жұмысы жоспарланып 227 млн теңгеге жобалық сметалық құжаттама әзірленгенін мәлімдеді. Айта кететіні, бұл қаладағы көлік жүргізуді үйренетін жалғыз орын. Белсенділер жолдары жөндеу көрмегенімен қоса жабдықталмағанына наразы. Кейбіреулері қажетті белгілерді өздері әкеліп қоюда.

 

-Қала әкімдігіне бірнеше рет жүгіндік. Қазір автодромның жағдайын өздеріңіз көріп тұрсыздар. Күрделі жөндеу қажет. Ол Кеңес Одағы кезінде салынған. Сол кезден бастап ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеді,- дейді тұрғын.

 

Автодромның қазіргі жағдайын байланысты әкімдіктегілер жауап берді. Айтуларынша абаттандыру бойынша эскиздік жоба дайындалды.

 

-Жоба аясында 20 мыңнан астам асфальт бетон жабындысын жөндеу, 48 жол белгілерін орнату, 2 бағдаршам, 75 жарықшам, 1320 метр қоршау орнату қарастырылған,- дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Автодромды толық қалпына келтіру үшін 227 млн 778 мың теңгеге жобалық сметалық есептеу дайындалған. Жүзеге асыру мерзімі 2023 жыл.

 

 

Авторы:Арнагүл Исабекова