• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық биолог қалаға отырғызылатын гүлдерге қатысты кеңесін берді

Павлодарлық биолог қалаға отырғызылатын гүлдерге қатысты кеңесін берді

Үлкен, түп болып өсетін раушан гүлге күтім уақытылы көрсетілуі керек. Тендерлік конкурстарға байланысты ол қажет жағдайда орындалмайды. Тәжірбиелі биолог Татьяна Пономареваның айтуынша, бүгінде күтімді аса қажет етпейтін гүлдердің өзіне адам қолы уақытында тимеуде.  

 

- Гүлдерге қажетті күтім жасау үшін білімі бар мамандар қажет. Біздің тендерлік жүйеге байланысты өсімдіктер зардап шегеді. Мамандарды қысқа уақытта табу мүмкін емес. Табылса да, гүлдер уақытында қажетті күтім алмайды, - деді биолог Татьяна Пономарева.  

 

Биыл Жеңіс саябағындағы гүлзарлардың біріне ландшафтты раушан отырғызылды. Олар аязға төзімді, өзін-өзі тазалай алады және ең бастысы көктемде гүлдейді. Мұндай гүлдерді Павлодарға отырғызуға болады дейді биолог. Ал гибридті түрі мұндай қасиетпен мақтана алмайды.

 

- Мамандар аталмыш раушандардыбақылайды. Барлық қажетті шаралар қабылдануда. Күзгі уақытқа дейін гүлдемеген өсімдіктерді мердігер қайтадан ауыстырады. Шай гибридтті раушандар 1000 шаршы метр аумаққа отырғызылды, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Татьяна Пономареваның айтуынша, күзгі уақытта ландшафтты раушандарды отырғызу дұрыс болушы еді. Олар қысқы аяздарға төзімді.