Павлодарлық биологтар қазіргі экожүйеге алаңдаулы
Бұл маңдағы ағаштар бірен соң бірі қурап жатыр. Мәселе осыдан 10 жыл бұрын басталған. Ол кезде белгілі биолог Татьяна Понамареваны ешкім елемепті. Маман баяндамалар жазып, тәжрибие өткізген, тіпті дәрі егейік деп ұсыныс тастаған. Енді бәрі кеш дейді. Жағдай тым ушыққан.
- Бұл ағаштардың қурауы қарағайдың қатерлі ісігі деп аталатын аурумен байланысты. Ол ағаштардың тәжінде тұратын саңырауқұлақтардан пайда болады. Ағаштың ішіне енгеннен кейін, оған жәндіктер көмектеседі. Ол ұзақ уақыт еш белгісіз түрде жүреді. Өсімдіктердің қазіргі жағдайына назар аударуымыз қажет, - деді биолог Татьяна Пономарева.
Көзге түрткі болған ағаштарды коммуналдық қызмет мамандары алып тастаған. Дертті жұқтырған жас қарағайлар кесілген. Биолог Татьяна Понамарева диагнозы айдан анық дейді.
- Мәселе қалдық газдардан болса онда барлық өсімдіктер зардап шегер еді. Ал мұнда әуежаймен Павлодар аралығындағы ағаштар азайуда. Қарағайларға 40 жылдан асты. Олар қарағай қатерлі ісігінен жойылып бара жатыр, - деді маман.
Ауру күн санап ағаштарды құртуда. Олар жасыл желектерге еніп жақын қабаттарды бұзады. Биолог бүкіл процесті осылай қысқаша сипаттады. Татьяна Пономарева ондаған жылдан кейін қалада жасыл қарағай болмай қалама деп алаңдайды.

