Павлодарлық Димашқа 7 миллион 200 мың теңге тұратын аппарат керек
Оның энергиясына таң қалмау мүмкін емес. Қатты толқу үстінде. Әсел Құлжанова өз шәкірттерімен бір ай дайындалған. Бүгін көкрермендер алдында барын салады. Басты қонақ - Димаш. Алайда ол сырқаты кесірінен ештеме естімейді.
- Инстаграмда Димаштың анасының постын көрдім. Мен өзім материалдық жағынан көмектесе алмадым. Кейін өз ұстазым Әсел Құлжановамен сөйлестім. Барып балаға көмектессек қайтеді дедім, - дейді Елжас Назымбеков.
- Қазір адамдар үйреніп алған. Барлық әншілер жанды дауыста айтпайды. Мен бұл таптаурынды бұзғым келеді. Менің балаларым жанды дауыста ән салмақ. Бұл мен үшін өте маңызды. Біз Димаштың өміріне қандай да бір үлес қосып, ол көңілді болғанын қалаймыз, - дейді Әсел Құлжанова.
Димаш 1 жас 9 айда. Оның анасы тамыз айында ақша жинап бастаған. Кейін оған мүгедектік бойынша тегін қарапайым аппарат ұсынған. Ал балаға шын мәнінде арнайы сүйек арқылы өтетін жабдық керек.
- Бұл тегін емес сатып алу керек деді. Бір құлаққа 3 млн 600 мың тг тұрады. Қазір қорда 2 млндай бар. Енді 5 млн 700 мың тг жинау қалды, - дейді Димаштың анасы Әсия Идрисова.
Қайырымды адамдар Димашқа екі миллион теңге жинап берген. Қалғанын жинау үшін қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Бір сағаттан аса жанды дауыста ән айтты. Әсел Құлжанова да барын салды. Аталмыш қайырымдылық акциясы нәтижесінде Димаштың анасы Әсия арманына бір қадам жақындай түсті. кез келген адам көмек қолын соза алады.
Телефон номері: 8-747-084-24-72. Әсия Идрисова