• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық диқандар нан қымбаттауы мүмкін деген болжам жасауда

Павлодарлық диқандар нан қымбаттауы мүмкін деген болжам жасауда

2020 жылы Ертіс ауданында шамамен 200 мың тонна астық жинаған. Биыл болжам жасамауда. Дегенмен де өнімділік жоғары дейді.Бағасы туралы да әзірге нақты ештеме айта алмауда. Өткен жылы бидайдың тоннасы 95 мың теңгені құраған. 2021 жылы бағасы қандай болатыны нарыққа байланысты. Қымбаттауы да әбден мүмкін. Себебі ЖЖМ мен қосымша бөлшектердің бағасы көтеріліп кеткен.

- Дәнді және майлы дақылдардың бағасының артуы ұн өнімдерінің қымбаттауына әкелуі мүмкін. Дегенмен де күрт қымбаттау болмайды. Себебі әлемдік трендтер сәл ғана баға өседі деп болжауда, - деді Ертіс ауданының әкімі  Аян Бейсекин.

 Ертіс бидайының 80 проценті қазақстан нарығында қалады. Оны жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер алмақ. Қалғаны экспортқа. Егін жинау науқаны қазан айының соңына дейін жалғасады. Мерзім көбінесе ауа райына байланысты.