Павлодарлық Достық үйі директорын бюджет қаражатын жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырды
Сотта мәлімдегендей Қоғамдық келісім үйінің басшысы бөлімдердің бірінің қойма меңгерушісімен бірге еден жуушы үшін жалақы алған. Сыбайласы жұмыс уақыты табелін толтырып, оған мүлдем жоқ еден жуушыны қосқан. Ақшаны бастығына беріп отырған. Осылайша бес жылда шамамен үш млн теңге жымқырған. Сонымен қатар басшы мүлдем шықпаған іссапарлары үшінде жазаланды. Яғни ол үш іссапар үшін 350 мың тг аса алған.
- Сот үкімімен коммуналдық мекемесінің басшысы бірнеше рет сеніп тапсырылған мүліктің талан таражға салу фактісі бойынша, ал әкімшілік шаруашылық бөлімі шаруашылық қоймасының меңгерушісі талан таражға салуға көмектескені үшін кінәлі деп танылып әрқайсысына 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - дейдіПавлодар қалалық №2 сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева.
Сотта екеуі де кінәсін мойындап, ақшаны бюджетке қайтарғанын хабарлады. Бас бостандықтарынан айырмауды сұраған. Және қомақты айыппұлды да төлей алмайтындарын жеткізген. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.