Павлодарлық дәрігерлер 3 ай жансақтау бөлімінде жатқан адамды аяғынан тұрғызды
Павлодар облысының стационарларында бүгінде коронавирустан 1500-ден астам пациент ем алуда. Орындар 60%-ға толыпты. Сонымен қатар, дәрігерлер қыс кезінде жасанды желдеткішке қосылу тек соңғы шара болса, қазір ол қалыпты жағдайға айналған.
- Соңғы уақытта келіп жеткен Үнді штаммы жедел дамуда. Кеше ғана сап-сау отырған адамның 3-4 күннен кейін өкпесінің 25-30 пайызы зақымдылғанын анықтап жатамыз. Бұл осы індеттің ерекшелігі. Сондай-ақ, үй жағдайында емделудің де қауіпті екенін айтқым келеді, - дейді №3 Павлодар қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Василий Павлов.
Ілеспе аурулар әлі де үлкен роль атқарады. КВИ оларға бірінші кезекте соққы береді. Реанимацияда адамдар орта есеппен 5-6 күн жататын, қазір кем дегенде 10 күн. Дегенмен, дәрігерлер ерекше жағдайлардың болып тұратынын айтуда. 46 жастағы ер адам 95 күн емделген, оның 86 күнін жасанды желдетуде қосылған. Бұған қарамастан абзал жандар оны өмірге қайта оралуына себепші болды.
- Бізге түскен кезде науқас өкпесінің 40% зақымданған болатын. Бірнеше күннен кейін жағдайы тым ауырлап кетті. Дегенмен де экстракорпоралды мембраналық оксигенация арқылы біз жақсы нәтижеге жеттік, - дейді Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының дәрігер-реаниматологы Владимир Крокус.
Қазіргі уақытта науқас үйіне шығарылды. Бұл Павлодар облысындағы арты жақсылыққа ұласқан жалғыз жағдай. Өкінішке орай көбіне өлімге әкеліп жатады. Шілде айында 79 адам қайтыс болса, тамыздың басынан 19 жан бақилық болды.
Авторы: Бекбол Мырзахан