• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық дәрігерлер коронавирус індетіне шалдыққан науқастармен жұмыс істегені үшін үстемақы алмайды

Павлодарлық дәрігерлер коронавирус індетіне шалдыққан науқастармен жұмыс істегені үшін үстемақы алмайды

Естеріңізге сала кетсек, ковидқа шалдыққан науқастармен жұмыс істеген дәрігерлерге үш тәуекел тобы бойынша үстемақы төлеген болатын, бірінші топтағыларға 850 мың теңге, екінші топқа 425 мың, ал үшіншілеріне 212 мың қосымша ақша беріп келген еді. Тамыздың бірінен бұл соманың жартысын қысқартса қазанның басынан мүлдем алып тастауды шешті. 

- Бұған дейін төлгенген барлық төлемдер қалады. Дегенмен де психоэмоцианалдық жүктеме үшін төленетін сома сол күйі қалады. Жұқпалы ауруға шалдыққан науқастармен жұмыс істеген дәрігерлерге нұқсан келтірілген жоқ деп ойлаймын, - дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Буратаева.

Енді дәрігерлер коронавирус індеті пайда болғанға дейінгі алған сыйақылар мен түнгі ауысым үшін төленетін ақшаны алады. Сомасы азайғанымен жүктеме сол қалпында. Тәулік сайын өңіріміздің барлық инфекциялық ауруханаларына жүз адамға дейін жеткізіледі.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы