• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық дәрігерлер миома дертіне қарсы күрделі ота жасауда

Павлодарлық дәрігерлер миома дертіне қарсы күрделі ота жасауда

Көптеген әйелдер гинекологпен жыл сайынғы кәсіби тексеруден өтуді ұмытып кетеді, салдарынан миома асқынып отаның көмегіне жүгінуге тура келеді. Кейбір жағдайларда ісікті жатырмен бірге алып тастап жатады. Мұны павлодарлық дәрігерлер лапароскопия әдісімен, яғни тіліксіз жасайды.

 

- Бізде мұндай аурулар жиі кездеседі және ол қауіпті, сәйкесінше қатерлі ісікке қай кезде шалдығатынымызды білмейміз. Бұл ретте, хирургиялық емдеуге кіріспес бұрын, біз пациенттен талдаулар аламыз,дейді Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының гинекологиялық бөлімшесінің аға ординаторы Гүлжанат Қайдарова

 

Облыстық ауруханада миоманы алып тастау бойынша жылына 600-ден астам ота жүргізіледі. МӘМС қорында сақтандырылған пациенттер үшін хирургиялық емдеу тегін, сондай — ақ шұғыл жағдайларда-медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем шараларын алуға болады.