• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық еріктілер жалғызбасты зейнеткердің үйін жөндеп бермек

Павлодарлық еріктілер жалғызбасты зейнеткердің үйін жөндеп бермек

82 жасар әжейдің өмірі қиындыққа толы. Екі ұлы мен қызын ажал құшып, аман қалған соңғы тұяғы өзге қалада өмір сүріп, туған үйіне өте сирек келеді екен. Зейнеткер 15 жыл бойы қаусаған баспанада жалғыз өзі тұрып, соңғы жылдары тұрмыстық тірліктерді жасау қиындап кеткен. Ғимараттың да тозығы жеткен. Жақында апаның үйінде жүйелі түрде тазалық жұмыстарын жасап жүрген еріктілер, оны жөндеуді қолға алып, тосын сый жасады.

 

- Өте жақсы көңіл күйде болдым, көмектескен баларға өте көп рахмет. Бәрі шіріп тұр, еденнің бәрі сықырлап. Өзі ойда тұрған үйдің астына жаңбыр мен қар қалдықтары жиналады. Күзден бастап пимамен жүремін үйде, осы мамырға дейін пимамды тастаған жоқпын, - дейді Бәтес Жамаева.

 

 

«Birge» аймақтық волонтерлар фронт-кеңсесінің бастамасына монтаждау колледжінің студент шеберлері қолдау көрсетіп, жастар баспана ішінде косметикалық жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Белгілі болғандай апайдың үйінде су мәселесімен қиындықтар бар екен. Сол себепті еріктілер көмектесікісі келетін демеушілермен жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.

 

- Алдында волонтерлармен бірге «Ардагер Тайм» жобасын жасап, апта сайын барып отырдық. Өзіміз анализ жасап, олардың таңдап осындай жұмыс жүргізіп жатырмыз. Апаның үйінде ауыз су жоқ, оны өткізу керек. Сондықтан Павлодар қаласының азаматтары қолдайтын болса, біз әрдайым жұмыс жасауға дайынбыз, - дейді «Birge» аймақтық волонтерлар фронт-кеңсесінің жетекшісі Саягүл Серікбекқызы.

 

«Birge» фронт-кеңсесінің еріктілері жалғызбасты зейнеткелердің үйлерінде косметикалық жөндеу жұмыстарын жалғастырады. Волонтерлардың тізімінде бірнеше қарияның баспанасы бар.