• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық каратешілер семейліктерді таң қалдырып келді

Павлодарлық каратешілер семейліктерді таң қалдырып келді

Бұл ретте, тәжірибелі сенсейлер де біздің спортшылардың деңгейін бағалады.

 

-Семейде төрт жекпе-жек өтті, ақтық сайыс қиын болды. Біз бір минут шайқастық. Дайындық ауыр және қиын өтті. Соңғы жекпе-жек қиын болды,- дейді жеңімпаздар.

 

Павлодарлық каратешілер жарыс барысында басым жекпе-жектер көрсетті. Сол себепті финалда бір-бірімен кездесті. Аружан Серік құрбысына есесін жіберіп алды, алайда, мықты болып қайта оралуға уәде берді.

 

-Мен үш жекпе-жек өткіздім, үшінші орынға ие болдым. Құрбыммен төбелестім, оның белбеуі де, тәжірибесі де менен жоғары. Сол себепті оны жеңе алмадым,- дейді жарыстың қола жүлдегері Аружан Серік.

 

-Маған екінші жекпе-жекте қиын болды, 360 әдісі болды. Ол бұрылып, басымнан ұрды. Мен екінші орынға ие болдым. Келесі жарыстарда бірінші орын аламын деп үміттенемін,- дейді жарыстың күміс жүлдегері Артем Дербябин.

 

Артем қазір осы соққыдан қорғануды пысықтауда. Келесі жарыстарда ол қарсыласын дәл осы әдіспен жеңуге уәде берді.