• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық коммуналшылар көшелердегі суларды тазалап жатырмыз дейді

Павлодарлық коммуналшылар көшелердегі суларды тазалап жатырмыз дейді

Сарыарқа мөлтек ауданындағы Қамзин-Шөкин көшелерінің қиылысы еңісте орналасқан. Сол себепті оны жыл сайын су басады. Алайда, биыл оның көлемі тым үлкен болды. Биік көліктер өте алса, шағын класстағыларға қиын. Сондай-ақ, Щедрина көшесі де суға толған. Павлодарлықтар барлық шағымдарын әлеуметтік желілерде жариялап, коммуналшылардан себебін сұрауда. 

 

- Демалыс күндері Ладожская, Ворушин, Қамзин 364, Шөкин-Қамзин, Теплов-Нұркин, Иса Байзақов, Ворушин-Теплов, Онежская, Тульская, Читинская, Азовская, Целинная, Таллинская, Транспортная, Щедрина-Алтайская, Щедрина-Целинная көшелерінде және Жаңаауыл, Зеленстрой шағын аудандарында жұмыстар жүргізілді, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Сондай-ақ, әкімдікте, коммуналшылардың күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкендіктері туралы айтты. Жалпы 12 арнайы сорғы көлігі жұмылдырылған. Оның екеуі тұрақты түрде екінші Павлодардан су шығарады. Қалғандары басқа көшелерде қызмет етеді.