Павлодарлық компания ауыл тұрғындарына көмектесуде!
Балалар дән риза. Олардың ескі доп таяқтары бірнеше маусым бойы пайдаланғандықтан жарамсыз болып қалған. Ал «Рубиком» компаниясы барлық команда мүшелеріне заманауи құрал-жабдық алып келді. Жеңіл әрі сапалы. Кішкентай спортшылар оларды тексеріп көрді.
- Бұл біздің балалар үшін ерекше сыйлық болды. Доп таяқтар әрдайым ескіріп отырады. «Рубиком» компаниясына үлкен рахмет, - дейді Павлодарское ауылы хоккей клубының жаттықтырушысы Александр Воробьев.
«Рубиком» компаниясы Павлодарское ауылында мұз айдынын құйып, жолдарды тазалап, спорт алаңдарына қызмет көрсетеді. Балалар хоккей командасын олар назарсыз қалдыра алмады.
- Әрдайым ауылдардың инфрақұрылымдарын жаңартып, спортқа ерекше көңіл бөліп отырамыз. Бүгін балалар кәсіби тұрғындан дамысын деген ниетпен спорттық құрал-саймандар сатып алдық, - деді «Рубиком» компаниясының менеджері Лилия Андреева.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында мұндай сыйлықты балалар ұмытпайды. Облыстық чемпионатта жеңіске жетуге уәде берді. Қазір жаттығу жұмыстарын бастап кетті.