Павлодарлық кәсіпкер 5 миллион теңгеге алданды
Бизнесмен келісе кетіпті. Игорь Александровтың Жібек жолы көшесінде өз жанар жағармай станциясы бар. Онда ең жақсы сатылатыны солярка. Айтуынша күзде отын жеткізуде мәселе пайда болған, бағасы да шарықтап кетеді. Сол кезде оған ер адам жақындап көмегін ұсынған.
-Барлығын құжат бойынша, Семейден 39 текше дизель отынын әкелуге сөз берді. Ол үшін қолхатпен алдын ала төлем талап етті. Ол үшін мен одан қолхат, жеке куәлік алдым. Әңгіме барысында екі күнде жеткізем деді. Сол күннен бері ол адамды көрмедім,- дейді кәсіпкер Игорь Александров.
Кәсіпкердің айтуынша біраз уақыттан соң бейтаныс адам тағы 2 миллион теңге сұраған. Жанар-жағармайды тек үлкен көлемде әкелуге дайын екенін айтқан. Игорь Александров бұл жолы келіспеген. Оның орнына полицияға шағымданыпты. Алайда олар арызды қабылдамады. Тек бірнеше айдан соң тіркеген. Бизнесменнің айтуынша қазір тергеу бір орында тұр.
-Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жапа шегушінің арызында көрсетілген тұлғалардың аталмыш құқық бұзушылыққа қатыстылығын тексеруде. Бірқатар тергеу шараларынан соң аталмыш іс бойынша соңғы шешім қабылданады,- дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.
Полицияда хабарлағандай алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс ашқан. Істі жауып тастауы да мүмкін. Кәсіпкер де сол үшін уайымдауда.
Авторы:Бибінұр Хамитқызы