• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық көлік жүргізушілері жолдарды сапалы жөндеуді талап етеді

Павлодарлық көлік жүргізушілері жолдарды сапалы жөндеуді талап етеді

Қамзин көшесіндегі Малайсары Батырдан Аймауытовқа дейінгі бөлікті биыл екі рет қазды. Ол жерде қалалық коммуникацияларды жөндеді. Алайда мердігер кейін жол жабынын сапасыз төсей салғанын әзірге ешкім ресми түрде айтпады. Заң бойынша оны дәлелдеу керек, ал жүргізушілер үшін мұндай жауаптан пайда жоқ.

- Сапасыз мүлдем. Тегіс емес, селкілдеп жүреді көліктер. Кедір-бұдыр қылып төсей салған, - деді павлодарлық жүргізушілердің бірі.

Бүгін Қамзин көшесіндегі жол бөлігін жол активтері сапасы орталығы мамандары тексеруді жоспарлаған болатын. Алайда орынға тапсырыс беруші де келуі тиіс екен. Әйтпесе сараптама жасауға рұқсат жоқ. Айта кету керек, Парковая көшесінде де осындай жағдай. Бұған дейін әкімдікте ақаулар жойылды деген еді. Бірақ көлік иелерінің пікірі бөлек.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы