Павлодарлық көп балалы аналарға бюджеттен 4 миллионнан астам қаржы бөлінді
Бұған қалалық бюджеттен 4 миллион 242 мың теңгеден астам қаражат бөлінді. Мереке қарсаңында бір жолғы әлеуметтік көмекті қала бойынша 277 көп балалы ана алады. Бастысы олар міндетті түрде атаулы әлеуметтік көмек алушы ретінде тіркеуде тұруы қажет. Төлем сомасы 15315 теңге.
-Бұл жәрдемақы түрін алу үшін ешқандай құжат ұсынудың қажеті жоқ. Бір жолғы әлеуметтік көмек автоматты түрде АӘК алатын көп балалы аналардың шотына аударылатын болады,- дейді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Айнұр Мукашбекова.
Бір жолғы әлеуметтік төлемге қалалық бюджеттен 4 242 теңгеден астам қаражат бөлінді. Ақша 5 наурызға дейін алушылардың есебіне аударылады. Кеңес алу үшін 32-11-80 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Авторы: Арнагүл Исабекова