• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық мамандар өңіріміздегі басты аллерген өсімдікке тәжірибе жасауда

Павлодарлық мамандар өңіріміздегі басты аллерген өсімдікке тәжірибе жасауда

Циклахена - жусан туыстас өсімдік түрі. Аллергияға шалдыққан жандар  бұл арамшөптердің тозаңдалуынан қиындық көреді. Олар біздің өңірімізде шілде айының соңы мен тамыз айының басында гүлдей бастайды. Дәрігерлер аталмыш өсімдіктердің тозаңдануына шыдас бере алмайтын науқастардың саны жыл сайын артып келеді дейді. Оның ішінде ересектер ғана емес, балалар да бар.

 

- Аллергия мен оның белгілері жыл сайын күшеюде, оған шалдыққандардың демалуы да қиындап келеді. Дәрілік препараттардың әсері төмендеп кеткен. Мысалы 4-5 жыл бұрын, гистаминге қарсы бір таблетка жеткілікті болса, келесі жылы оған тағы біреуін қосу керек. Кейін оған спрей қосылады. Сосын гормондық заттар қажет болады. Нәтижесінде, дәрі-дәрмектердің 5-6 түрін ішуден пайда көрмейсің, - дейді аллерголог-дәрігер Арман Байділов .

 

Татьяна Пономарева облысымыздағы улы өсімдікпен 10 жыл бойы күресіп келеді. Бұл ретте, биологқа Еуразиялық топқа кіретін, Ақсу ферроқорытпа зауыты белсенді көмек жасайды. Ғалымдар цихлахенаны біздің өңірімізге оңтүстік аймақтан әкелгендігін анықтады. Арамшөпті жою қиын. Әрбір өсімдіктен жыл сайын 140-тан 300 мыңға дейін тұқым шығады.

 

- «Казхромның» көмегімен біз тәжірибе жасадық, яғни арамшөпке қарсы күрес жүргізу тәсілдерін тәжірибе жүзінде сынап көрдік. Соның арқасында біз нақты шаралардың алгоритмін, циклахенаға қарсы кешенді күрес жұмысын анықтай аламыз, - деді «Берегиня-Био» ҚҚ  сарапшысы Татьяна Пономарева.    

 

«Казхроммен» бірге биологтер улы өсімдікке қарсы арнайы шаралардың ұсынымдарын дайындады. Бағбаншылар көп жағдайда циклахенаны күнбағыспен шатастырады. Ғалымдардың айтуынша, атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі әзірге дайын болмайды. Арамшөптің тұқым қоры әлі 6-8 жылға жететін көрінеді.