Павлодарлық оқушы қалдықтарды өңдейтін жоба ұсынды

Зияткерлер аламанына республика көлемінен 62 жоба ұсынылған. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен Аманәлі Еркіновтің жұмысы ақтық сында үздік ретінде танылды. Өреніміз ұстазымен бірге қалдықтардан диск және дөңгелек жасайтын «Ақылды зауыт» құрастырған.

 

- Бізде машинаға керекті шина құрастыру жобасы болды. Көптеген апаттар осы дөңгелектің салдарынан болады. Осы дөңгелекті Қазақстан өзі өндіріп шығарса деген үміт болды. Және біз өзіміздің идеямыз осы машина жасау одағының көңілінен шықты деп ойлаймын, - деді Б.Момышұлы атындағы ЖОББМ робототехника үйірмесінің жетекшісі Дәулет Айғожинов. 

 

Жобаның экологияға еш зияны жоқ. Ол жел генераторлары арқылы жұмыс жасайды. Бүгінде өнертапқыш өзге жобаларды қолға алмақ ниетте.  Аманәлі адамға ұқсас роботты жасауды армандайтынын айтты.