Павлодарлық оқушылар бақ таластырды

«Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында «Армысың, Әз-Наурыз!» атты додасына аймағымыздың аудан, қалаларынан келген жас ақындар қатысты. Облыстық айтысқа 10 аса жас ақындар қатысты. Үлкен ағаларына қарай олар да өздерінің замандастарын мазалайтын сұрақтарды көтеруге тырысқан.

 

  • Көбіне мектептегі жағдай, БЖБ, ТЖБ жайлы айтып жатамыз. Мұғалімдер келіп жатады көрермен ретінде, дем беріп, шулап жатады. Саясат деп астар беріп жатпаймыз, осы айтыста Наурыз мерекесін кеңінен ашуға тырысамыз. Ережеде көрсетілген талаптар бойынша, қыр-сырымызды көрсетуге тырысамыз,- дейді айтыскер (Баянауыл ауданы)Мейіржан Баршынбай.

 

Айтыс оқушылар арасында болғанымен, жастарға баға берген шеберлерге қазылық жасаған тәжірибелі алқа, аймағымыздың бетке ұстар тұлғалары. Ұйымдастыушылар, осы жолы жаңа есімдердің де бар екендігін атап өтті.

 

-Жаңадан келген 3-4 ақындарымыз бар. Жаңа есімдер. Барлық аудандарды қамтыдық десек болады. Бұл деген жастарға оқушыларға деген былайша айтқанда «мотивация» болады. Осындай әділ қазылар алқасының оларға баға беріп жатқандығы, шабыттарына шабыт қосылып, өркендері өсіп, облыс намысын республикалық деңгейде қорғайды деген сенімдеміз,- дейді «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы басшысының орынбасары Замира Сұлтан.

 

Тартысты жыр додасындасының қорытындысы бойынша бас жүлде павлодарлық Шыңғыс Асығатұлына бұйырды. І-орынды Бексұлтан Қайдар жеңіп алса, ІІ-ші орын Нұр-Шапағат Сәулетке бұйырды. Ал ІІІ-орынды Мирас Қапаш қанжығасына байлады.

 

Авторы:Дархан Бекишев