Павлодарлық оқушылар ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесті
Биыл республикалық пән олимпиадасы 5 күн бойы өңірлерде онлайн форматта өтті. Бүгін бұл білім додасында үздік нәтиже көрсеткендер көгілдір экран арқылы министрмен кездесті. Олимпиада жаңа форматта өткенімен павлодарлық зияткерлер дүбірлі додада 51 медальге ие болды, оның ішінде 14 алтын, 14 күміс және 23 қола.
- Мен өте қуаныштымын. Тарихтан республикалық олимпиаданы жеңуді армандаған болатынмын. Сезімімді айтып жеткізе алмаймын, - деді Ян Байгужинов.
Шара барысында Республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және дипломдармен марапатталды.

