• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық оқушылар өз кәсіптерін ашып, қомақты соманың сертификатына ие болды

Павлодарлық оқушылар өз кәсіптерін ашып, қомақты соманың сертификатына ие болды

"Моментум" бағдарламасының ерекшелігі - оқушыларды өз-өздерін жаңа қырынан танытуға мүмкіндік береді. Жоба арқасында тек кәсіпкерлік дағдыларды ғана емес, сонымен қатар кез-келген адамның жетістікке жетуі үшін аса қажет қасиеттерді де қамтиды. Екі күн бойы қызу пікірталастар, презентациялар, көшбасшылық коучингтер және көптеген қызықтар ұйымдастырылды.

- Біз АҚШ елшілігімен және «ERG» компаниясымен жұмыс жасаймыз. Сайысқа түскен қыздардың ермінезділігін атап өткім келеді. Жобаның мақсаты - кәсіпкерлік тәжірибе жинау, - дейді Қазақстан Республикасындағы Тель-Авив университетінің достар  Ассоциациясының вице-президенті Сәния Арапова.

- Кәсіпкерлік қалалардың дамуына орасан зор үлес қосатын салалардың бірі. Біз компания ретінде аймағымыздың дамуына үлкен қызығушылық білдіреміз. Сол себепті кәсіпкерлік дамытуға қолдау көрсетеміз, - деді Еуразиаттық топтың «ERG» спичрайтері Алия Демейсенова.

"Моментум" ҚР-дағы АҚШ елшілігінің қолдауымен, ERG және Торайғыров университеті серіктестігімен жүзеге асырылды. Ұйымдастырушылар белсенді және шынымен еңбекқор қыздардың идеяларын қолдайды. Үздік бизнес идеялары үшін, мектеп оқушылары 50 000, 100 000 және 150 000 теңгеге қомақты сертификаттар алды.

- Мен керамикамен 4 жыл бойы айналысып келемін, қазір бұл бағытта кәсіпті домалатып жатырмын. Білгенімнің барлығын көрсеткім келеді. Бұл жобаның арқасында көпшілік алдында сөз сөйлеуді үйрендім. Осыған дейін халық алдына шығудан қорқатынмын, - деп ағынан жарылды «Моментум: Қыздарға арналған кәсіпкерлік» жобасының жеңімпазы Арианна Андрес.

- Маусым айынан бастап қыздар арасында кәсіпкерлікті дамытуды қолға алдық. Әр апта сайын маркетинг, көшбаслшылық бойынша курстар өтті. Болашақта әлеуметтік кәсіпкер болғым келеді. Менің бизнес идеям кезіндегі авоська сөмкелеріне негізделген. Олар қолдан жасалған, экологиялық жағынан да тиімділігі жоғары, - дейді «Моментум: Қыздарға арналған кәсіпкерлік» жобасының жеңімпазы Даяна Ерболатова.

Қатысушылардың жобалары әртүрлі. Бірақ барлығы әлеуметтік маңызы бар, әрі ауқымды. Сондықтан бұндай қолдау арқасында, бизнес-новаторлар міндетті түрді жоғары нәтижеге қол жеткізеді.