• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық полицейлер жас жігітті ұрлады деген күдікпен төрт адамды ұстады

Павлодарлық полицейлер жас жігітті ұрлады деген күдікпен төрт адамды ұстады

Полицейлерге қазанның 25-і күні таксист хабарласып, бір жас жігітті «Лада Приора» көлігіне салып алып кеткенін айтқан. Тәртіп сақшылары бүкіл құрамды көтеріп, іздеуге кірісті. Барлық ұқсас көліктерді тексерген. Қаскүнемдер болса бір тәулік ішінде ер адамды басқа облысқа алып кеткен.  

- Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері 26 қазан түнгі сағат екіде Қарағанды облысының Молодежное ауылы жанында күдікті автокөлікті ұстады. 4 күдікті де қолға түсті, - дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.

Жапа шегуші 21-де, ал күдіктілер де шамамен сол жастағылар. Оларды қазір Павлодар облысына қайтарды. Ал жеңіл көлікті айып тұрағына қойды. Енді адам ұрлау себебін анықтайды. Қылмыстық іс қозғалды, аталмыш бап бойынша 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы