• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық прокурорлар медициналық айықтырғыштың жағдайын тексерді

Павлодарлық прокурорлар медициналық айықтырғыштың жағдайын тексерді

 

 

 

Павлодардағы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында 28 орын бар. Олардың барлығы тәулік бойы лық толы болады дейді. Орташа есеппен 30-35 адамды жеткізеді екен. Есін жинағандарды бірден шығарып жібереді. Ішетіндердің көбісі мұнда үнемі түсетіндер қатарынан.

Мұнда орталыққа келушілерді 16 бақылау камерасы арқылы қадағалайды. Кешкі бестен кейін түсетіндерді таңертеңге дейін қалдырады. Медициналық айықтырғыштардағы қауіпсіздік мақсатындағы ұстау жағдайы талаптарға сай деп атап өтті тексерушілер.

 

-Адамның осы жерге келіп содан өзінің денсаулығына бір кері әсерін тигізетін жарақаттар немесе басқа да қысым көрсетіп, немесе медициналық дер кезінде көрсетпеу деген ондай деректер орын алып жатқан жоқ,-деді Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев.

 

Облыс прокурорының бірінші орынбасарытақілеттес орталықтарға шағымдану үшін электрондық терминал орнату мәселесі қарастырылуда дейді. Бұл шағымдарға жедел мән беруге көмектеседі.