Павлодарлық райдерлер жаттығатын дұрыс жер жоқ дейді

Евгений Бойко - Қазақстанда танымал райдер. Жігіт күнделікті орталық саябақта жаттығады. Айтуынша, алаңның қазіргі жағдайы жастар үшін қауіпті. Кейбір элементтерді орындау мүмкіндігі жоқ.  

 

- Скейт алаңның бүгінгі жағдайы осындай. Әуесқой спортшылардың саны жетерлік. Мұнда келіп дайындалғысы келеді. Алайда, көбісі жарақат алады. Павлодарлық жігіттердің скейт деңгейін көтеретін жағдай жоқ, - дейді Евгений Бойко.

 

Аталмыш алаңның баламасы қала сыртында орналасқан. «Спорт-сити» кешеніне футбол орталықтарының шәкірттерін жалдамалы автобуспен дайындыққа әкеледі. Ғимараттың қасында судай жаңа скейт алаң бар. Алайда, ата-аналар балаларын алыс қашықтыққа жібермейді. Сол себепті, әуесқой спортшылар алаңды қалаға көшіреді деген үмітте.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.