• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық саяхатшы Арктикада өткен халықаралық экспедициядан оралды

Павлодарлық саяхатшы Арктикада өткен халықаралық экспедициядан оралды

Ақ аюды өмірде көргенде, оған қатты жақындап асығып қажет емес. Бұдан бөлек, еркелетіп, тамақ беруге де болмайтын көрінеді, әйтпесе артыңнан қалмай, аңдып жүреді екен. Сондықтан далада жалғыз жүруге де тиым салынады. Жақында ғана ресейдегі Акртикада өткен экспедицияға барған қазақстандық қатысушы, павлодарлық Александр Вервекин сапары жайлы әсерлерімен бөлісті. Ямало-Ненец автономды округінде еріктілер ұйымдастырған саяхатқа ол  300 адамның ішінен іріктеуден өтті.

- Арктикаға бару менің балалық арманым еді. Ол жердегі экспедицияға аттану мүмкіндігі пайда болғанда еш ойланбастан, өтініш жазып жібердім. 2 айлық іріктеуден кейін бұл сапар маған бұйырды. Еріктілер қатарында еңбектеніп, зерттеу жасадық. Акртикаға дейін жету үшін маған миллиондаған қаражат қажет болмады. Географияға деген құлшыныс, жер көру, зерттеу жасау алысқа жетелейтіндігі рас. Бұл оқиға бұның айқын көрінісі, - дейді «Павлодар География үйінің» жетекшісі Александр Вервекин. 

Халықаралық экспедиция қатысушылары бір ай бойы Кар теңізі маңындағы Вилькицкий аралын қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Бос уақытта полярлық станция маңындағы табиғатпен, Ямало-Ненец жерінің халықтарымен танысты. Аталмыш сәтті падйланып, Александр Павлодар География үйіне көптеген жәдігерлер әкелді. Солардық қатарында ямал халықтарының дәстүрлі аяқ киімі мен варган атты аспабы, қазақтың жүн байпағы мен шаң қобызға ұқсайды екен.

- Ресейдің Солтүстік халықтарының көшпенді қазақтармен ұқсастықтары аз емес. Чум атты тұрғын үйлері, киіз үйге келетін тұстары бар. Өте жылы, жайлы баспана. Қазақта ең кұрметті орын төрде, сол сияқты чум үйінің ішінде де, төрде олар икона, өзге қасиетті заттарды қояды, яғни бұған үлкен мән береді. Байырғы солтүстік халықтары маған өте қонақжай, артық сөзі жоқ, байсалды болып көрінді, - дейді Александр Вервекин.

Александр бұл экспедициядан экологиялық волонтерлық саласында көптеген тәжірибеге ие болып, шетелдік әріптестері жұмысы мен зерттеулерін жоғары бағалады. Алған білімін жергілікті тәрбиеленушілерімен бөлісуге асық.