Павлодарлық шенеуніктер апатты үй тұрғындарына пәтер сатып ала алмай отыр
Центральная көшесіндегі 6-шы үйде тұрғандар 2023 жылдың қазан айында жалдамалы баспанаға көшірілген. Бүгінде олар күте-күте төзімдерінің таусылғанын айтым шағымдануда дейді irbistv.kz тілшісі.
Бұл көпқабатты үйде 24 пәтер бар. Ғимараттың орталық бөлігі опырылаа бастаған. Кейбір тұрғындардың пәтерлерінен тіпті дала көрініп, шыбын-шіркейлер үйге кірген екен. Бастапқыда адамдар мәселені өздері шешуге тырысқанымен кейін төтенше жағдай қызметіне жұмысқа кірісуге тура келді. Мамандар Центральная көшесіндегі 6-үйді апатты деп танып тұрғындар жалдамалы баспанаға көшірілді. Бүгінде адамдардың бір пәтерден екіншісіне көшіп жүргендеріне 1 жыл.
- Бізге өте қиын. Заттарымыздың жартысы қораптарда жатыр. Менің жасымда жылдар бойы тұрған баспанамнан көшу өте қиын болды. Өзімнің пәтерімде ненің қай жерде тұрғанын жақсы білетінмін. Ал қазір біз бөтен адамның пәтерінде тұрып жатырмыз. Қазір иесі пәтерді сатып жіберіпті. Енді маған басқа жалдамалы пәтерге көшуге тура келіп отыр,-деді Центральная көшесі №6 үйдің тұрғыны Надежда Маринова.
Адамдар жергілікті әкімдіктің пәтер сатып алып беруін тағатсыздана күтуде. Баспана екінші нарықтан, апатты деп танылған үйдің ауданынан кем болмауы тиіс. Шенеуніктер әзірге нақты мерзімін айта алмайды. Айтуларынша үй сатып алу үшін мемлекеттік сатып алулар жариялаған, бірқа қала тұрғындарынан ұсыныс түспепті.
- Біз сайттардан хабарландыруларды қарап, әр сатушымен жұмыс жасаймыз. Бірақ бұл шаруасы өте көп жұмыс болғандықтан ешкімнің оған қатысқысы келмейді. Ол үшін электронды қолтаңба қажет, одан кейін сайтқа кіріп байқауға қатысу үшін өтінім тастау керек. Бұл жай ғана келіп сатып жіберу немесе сатып алу емес. Оның барлығын сайт арқылы жасау қажет,-деді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Қадиша Беготаева.
Әкімдікте барлық тұрғындарды жыл соңына дейін баспанамен қамтамасыз етеміз деп кепілдік бере алмайды. Өтемақы төлеу жолын да қарастырған. Бірақ шенеуніктердің айтуынша оған келісетін пәтер иелері табылмапты.