• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық шенеуніктер қоғамдық көлік жүрісінің нашарлауын қатты аязбен байланыстырды

Павлодарлық шенеуніктер қоғамдық көлік жүрісінің нашарлауын қатты аязбен байланыстырды

 

 

Коммуналшылардың айтуынша, Павлодарда орташа қоғамдық көліктердің 60% желіге шығады. Үлкен класстағы автобустар бойынша интервал сақталса, кіші класстың жүрісіне қатысты шағымдар бар.

 

-Желіге шығу бойынша кейбір бағыттардың нашар жүрісі байқалды. Бұл 1-ші, 1-ші экспресс, 2-ші, 3-ші және 153-ші маршруттары. Жалпы олардың жүру жиілігі 30-60 % аралығында,-деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Арслан Қалияқбаров.

 

Бұдан бөлек, соңғы аптадағы қатты аязға байланысты кейбір көліктер желіге шыға алмаған. Мәселен, дизель отынының қатып қалуында. Сол себепті автобустардың саны азайған. Қазір жағдай тұрақталып келеді. Бақылау жұмыстары күнделікті жүргізіледі.

 

-Бұл күндері бізде шынымен де желіге шыққан көліктердің саны азайды. Үлкен және кіші класстағы автобустар бойынша. Кішісі бойынша кішігірім түсініспеушіліктер болған. Олар жанармайды қалай құямыз деген сұрақпен жүгінген. Парктер жүргізушілерге тағы да түсіндірме жұмыстарын өткізді,-деп мәлім етті қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы.

 

Коммуналшылардың айтуынша, сараланған тариф енгізіле салысымен, парктегі автобустардың нақты саны қанша деген сұрақ туындады. Бұл бірінші кезекте кіші класстағы көліктерге қатысты. Автобустардың басым бөлігі жалдамалы түрде қызмет етіп жүр. Шенеуніктер жағдайды ауыстыру қажет деген ойларын айтты. Айта кетсек, желтоқсанның 1-нен электронды билеттеуді қолданушылардың саны біршама артқан.

 

Айтмұхамбет Айғожа