• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық шенеуніктер өткен жылдардың қателігін қайталамауға сөз берді

Павлодарлық шенеуніктер өткен жылдардың қателігін қайталамауға сөз берді

Естеріңізге сала кетсек, былтыр жағдайды уыстан шығарып алған еді. Синоптиктер көктем ерте келеді деп болжауда. Сол себепті өңдеу шараларына ертерек қамдану керектігін еске салды. Өткен жылғы күрес жұмыстарын талдаудан өткізген мамандар өзен жағасында орналасқан аудандарды жергілікті өңдеу үшін биологиялық препараттарды қолданады, ал химиялық препараттарды толық ауыстарған. Және олардың көлемін екі есе ұлғайтқан. Биыл ғылыми топтар дернәсілдерді жою бойынша бақылауды барынша күшейтпек. Қала маңыңдағы бес ауылдық округ те өңделеді. Жалпы сәуір айының соңынан 27 мың гектардан астам жерді әуеден уламақ. Одан соң су айдындарына кіріседі.

 

- Келісімшартқа қол қойылды. Қалада жеке мердігер болады. Ол аула іші аумақтарын, саябақтар мен бақтарды, саяжайлар мен екі жергілікті су қоймаларын өңдейді. Ертіс өзенінің жағасы жайылма облыстық мердігердің жауапкершілігінде. Сонымен бірге облыстық мердігер темір жол көпірі, жағалау, Усолкаға жауапты. Қалғанының бәрі қалалық мердігердікі, - деп мәлімдеді Павлодар Қаласының Әуімі Асайын Байханов.

 

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы сары маса мен шіркейдің көптігінен адамдарға да, жан жануарға да қиын болған еді. Ол кезде жауаптылар мұны күннің күрт жылынуымен және су босату шараларының кеш басталғанымен түсіндірген еді. Нәтижесінде дернәсілдер жетіліп үлгеріп, облыс орталығы мен көптеген ауылдар қансорғыштардың құрбанына айналды.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы