• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық шыршаларды сәндеуге 15 миллион теңге жұмсалады

Павлодарлық шыршаларды сәндеуге 15 миллион теңге жұмсалады

Ол әдеттегі орнында, яғни орталық алаңда болады. Биіктігі - 30 метр. Сонымен қатар Гагарин саябағы мен екінші Павлодардағы 18 мектеп жанында 15 метрлік тағы екі үлкен шырша пайда болады. Қалалық әкімдікте шаһар көшелері жарық диодты элементтермен безендіріледі деді.

 

- Қала көшелерін қысқы жаңа жылдық безендіру жұмыстары жүргізілуде. Оған бюджеттен 18 миллион теңге қарастырылған. Бұл жарық мүсіндері мен түрлі сипаттағы өрнектер болады.  Көшелерде ілінетін және орнатылатын мерекелік элементтердің жалпы саны 469 дана болады, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.   

 

Ал мұз қалашықтары биыл болмайды. Бұған бюджеттен қаражат қарастырылмаған. Қала әкімдігі Павлодар мен шаһар маңындағы елді мекендерде 24 мұз айдынын құйғаны белгілі. Бұл негізінен үлкен саябақтар мен аулаларда. Ал көшелер мен басқа да ғимараттарды безендіремін деген кәсіпкерлер болса тіптен жақсы дейді әкімдіктегілер. Айта кету керек, қаламыздағы басты нышан шамдарын желтоқсанның 24-не жағуды жоспарлауда. Павлодардағы үш үлкен шыршаға 15 миллион теңге бөлінген. Бұл қаражат оларды құрастырып жинауға және бұзуға, безендіру мен жарық  элементтерімен сәндеу жұмыстарына жұмсалады.