Павлодарлық соттар жаңа ғимаратта жұмыс істейді


Жаңа сот ғимараты ресми түрде 26 ақпанынан бастап ашылады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

-Павлодар қалалық соты, Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты және Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты Павлодар қаласы, Катаев көшесі, 83/2 жаңа мекенжайы бойынша жұмыс істейтін болады,-делінген облыстық соттың ақпараттық орталығы.