Павлодарлық студенттер болашақ мамандықтарының келбетін көріп қайтты
ERG-Service - жоғары қауіпті учаске, мұнда бөтен адамдарға кіруге жол жоқ. Сондықтан машина жасау және политехникалық колледждерінің екінші курс студенттеріне арналған экскурсия - бұл екінің бір көре бермейтін мүмкіндік. Жігіттер өндіріске алғашқа рет келген. Болашақ металл жонушылар мен құюшылар теорияда оқып-білгенімен, тәжірибе жүзінде танысты. Көптеген жастар үшін бұл мамандық саналы таңдау.
-
Мен тоғызыншы сыныптан бастап, кітапты көп оқыдым. 9-шы сыныптан осы кәсіптің таңдадым. Бұл мамандық туралы көп оқыдым. Маған ұнады. Кейін машина жасау колледжіне бардым. Онда көп мамандық бар, оның ішінен құю-механикалық деген профессияға бардымс,- дейді Павлодар қаласымашина жасау колледжі студенті Ильдар Шарипов.
ЕRG-Service тәжірибелі қызметкерлері студенттерді құю-механикалық цехтың барлық учаскелері бойынша өткізіп, құю өнімінен бастап, дайын бөлшекке дейінгі бүкіл процесті көрсетті. Жастар үшін өндіріс ошағы үлкен қызығушылық туғызды.Тіпті мазалайтын сауалдарын да қойып алды.
-Бөлшектердің қаттылығы қалай әсер етеді, оны қалай қатты, жұмсақ өңдеу керек деген сұрақтар болды. Және қандай белдектер қолданылады. Бөлшектерді өндірудің барлық циклін көргенде, мен көздерімнің жанып тұрғанын, олар осында жұмыс істегісі келетінін, мансаптарын осында бастағысы келетінін көрдім,- дейді «ERG-Service” ЖШС ҚМХ құю өндірісі бойынша инженер-технологы Ильдар Фазылбеков.
-Экскурсия өте пайдалы. Оның үстіне, менің екінші курс студенттерім қыркүйек айынан бастап ERG нысандарына - құю-механикалық цех пен Павлодар машина жасау зауытына жаппай тәжірибеге келеді. Бұл кәсіпорындар біздің негізгі базалық кәсіпорындарымыз болып табылады,- дейді Павлодар политехникалық жоғары колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс бойынша директор орынбасары Николай Губин.
Жыл басынан бері ERG сервистік компаниясында өңірдегі колледждер мен жоғары оқу орындарынан 100-ден астам студент тәжірибеден өтті. Өздерін жақсы көрсеткендер штатқа қуана қабылданады. Көбісі төртінші курста жұмыс істей бастайды.
-
Оларды қызықтыру үшін, олар бізге жақынырақ болуы үшін, бәрін өздері сезініп, айтқанның бәрі өндірісте қалай болатынын көрді. Біздің ең басты мақсатымыз-оқу орындарын бітіргеннен кейін студенттерді міндетті түрде жұмысқа орналастыру,- дейді «ERG-Service” ЖШС HR бөлімі әлеуетті арттыру бойынша үйлестіруші Дианна Сапарова.
Бүгінгі таңда ЕRG-Service-те металл жонушылар, фрезершілер, электр дәнекерлеушілер, слесарьлар үшін бос жұмыс орындары бар. Мұнда жас мамандарға тұрақтылыққа, мансаптық өсуге, әлеуметтік демеуге және белсенді қоғамдық қызметке кепілдік беріледі.ъ
Авторы:Александра Петрова