Павлодарлық такси жүргізушісін 5 жылға бас бостандығынан айырды
Өткен жылдың қыркүйегінде 35 жастағы ер адам Нұр-Сұлтанға бара жатқан. Алайда рөлге ие бола алмай жолды бөліп тұрған темірге соғылып, одан кейін тіркемесі бар жүк көлігіне соғылған. Жүргізуші өзінің сағатына 140 шақырыммен жүргенін мойындаған. Ал жеңіл көліктің салонында 4 жолаушыны ер адам Индрайвер қосымшасы арқылы жолаушы ретінде мінгізіп алған. Оның екеуі апат орнында көз жұмды. Марқұмдардың туысқандары кешірім бере алмай, жүргізушіні бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот үкімімен айыпталушыны абақтыға қамады, соныменқатар 10 миллион теңге төлеуге міндеттеп, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.