• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық тасымалдаушылар ТҮКШ бөлімін сотқа бермек ойда

Павлодарлық тасымалдаушылар ТҮКШ бөлімін сотқа бермек ойда

Павлодардағы қоғамдық көлік саласындағы реформалар жан-жақты талқыланбаған сыңайлы. Шенеуніктер тарифтерді көтермей, сақтап қалу мәселесі, тасымалдаушылармен дұрыс келісілмеген сыңайлы. Мысалы 80 теңгелік жол ақысының өзгермей тұрғанына 4 жыл болып отыр. Ал дизель отыны бағасы биыл тіпті шарықтап кеткен. Көлік бөлшектері де арзандаған емес дейді мамандар.
- Тасымалдаушылар бас қосу ұйымдастырып, қалалық ТҮКШ бөліміне бюджетке түзетулер енгізуді қарастырмау бойынша сотқа шағым жасау шешімі талқыланды. Алдында бізге жағармай шығынының орны толтырылады деп уәде берген еді. 189 миллион теңге соммасы жайлы айтылып еді. Өткен жылдан бері «өтеу» бағдарламасы бойынша 100 миллион теңге қарыздары бар, - деді Павлодар облысы көлік тасымалдаушылары қауымдастығының жетекшісі Василий Рудаков.
Ал әкімдікте ұрандаған электронды билеттеу артықшылықтары да, ойдағыдай жүргізілмей жатыр. Әрине, тұрғындар арасында онлайн төлемді құптағандар да бар. Кондукторлар мен жүргізушілер болса 60 мыңнан астам зейнеткердің наразалығымен күнделікті кездесуге мәжбүр.Бұдан бөлек, қоғамдық көлікте тегін жүретіндердің құжаттарын тексеру тәртібі нақтыланатын емес.
- Биыл көптеген шағымдар келіп түсті. Сондықтан біз тегін жүретін 16 санаттағы азаматтардың әріберуіне жекелей, дербес карталар жасау ұсынысы жасалды. Оны қай уақытта таратып үлгереді. Зейнеткерлер денсаулығына байланысты алып үлгермей, автобусқа кірсе 150 тг төлейді ме? Сол мәселе нақты шешімін тапқан жоқ, - деді Василий Рудаков.
Мәселеге жауапты шенеуніктер тасымалдаушы ұйымдардың барлығын емес, жекелей шақырып, көндіруге тырысуда дейді қауымдастық жетекшісі. Ортақ шешім бекітілетін емес. Уақыт болса өтіп барады, мәселе тез арада шешілмесе қатты аяз түсіп, жаңа жылдағы инфляциядан кейін жағдай тіпті ушығуы мүмкін.
 
Авторы: Дархан Бекишев