Павлодарлық тұрғындар жабылмай жөндеусіз қалған жолдарға шағымдануда
Бүгінде жүргізушілер көліктерін зақымдап алмас үшін шұңқырларды айналып өтуге мәжбүр. Сол себепті коммуналшылардан жол сапасын ретке келтіруді сұрайды.
Академик Шөкин – Катаев көшелерінің қиылысында өткен жылы күзде коммуналдық апат орын алып, қазба жұмыстарын орындаған алпауыт мамандары шұңқырларды дұрыс жаппаған. Бүгінде көлік иелері бұл жер телімді айналып өтуге мәжбүр. Біздің түсірілім тобы павлодарлықтардан жолдағы шұңқырлар бойынша келіп түскен шағымдар ең көп телімдерге барып қайтты.
- 2022-ші жылы қысқы күтімге 111 жер телімі берілді. Олардың 51-і 2021-ші жылдың күзінен қазба жұмыстарын орындаған қызметкерлердің еншісінде. Жер телімдердің жалпы көлемінен 8-і жолдарда орналасса, қалғандары орамішілік аудандарда,- Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.
Қысқы уақыттағы абаттандыру ережесіне сәйкес, жабылуға үлгермеген телімдерге құм шашу жұмыстары орындалу қажет. Барлығы кепілдік мерзімі аясында атқарылады. Ал жөндеу жұмыстары қолайлы ауа райымен басталуы тиіс.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа