Павлодарлық тәртіп сақшылары велосипедке отырды

Өткен жылы 27 адам заңға тартылды. Мәселені шешу үшін тәртіп сақшылары велопатруль рейдттік шарасына кірісті.

- Біздің бағбаншылықтың аумағы үлкен. Ұрлық деректері және қаңғыбастардың жүруі орын алады. Аталмыш мәселені шешу үшін бүгін біз тәртіп сақшыларымен рейдттік шара ұйымдастырдық. Бізде күзетші деген лауазым жоқ. Тек бақылаушылар ғана бар. Сол себепті полиция қызметкерлерінің көмегіне мұқтажбыз,- дейді «Здоровье» бағбаншылығының төрайымы Валентина Трофимова.

-Солтүстік бағбаншылықта ұрлық жасаған және қаңғыбастарды ұстау үшін рейдттік шара ұйымдастырылды. Павлодар қаласында велопатруль жұмысын бастады. Олар саяжайлар мен орталық жағажайда жұмыс істейді,- дейді Павлодар қаласы ПБ ЖПҚ басшысының орынбасары Қанат Дүйсекенов.

 

Биыл 10 велосипед сатып алынды. Олардың екеуі орталық жағажайда болса, қалғандары күнделікті саяжайларды патрульдейді.

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа