• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық халықаралық ғылыми жобалар байқауының жүлдегері атанды

Павлодарлық халықаралық ғылыми жобалар байқауының жүлдегері атанды

Бұл Маджида Алпамыстың соленоидты қозғалтқышы. Жоба авторы сыртқы фактордың көмегінсіз қуат көзін өндіруге болады дейді. Ең бастысы қоршаған ортаға еш зияны жоқ.

 

- Жобамның құрлысы иінді біліктен және екі контактіден, катушкадан және шатуннан тұрады. Менің қозғалтқышым өз бетімен жұмыс жасай алады. Оған мұнай, жанармай қажет емес. Ол ілермелі қозғалыс жасағанда, алдыға-артқа қозғалғанда электр энергиясы пайда болады, - деді Маджида Алпамыс.

 

Өнертабыс әзірге тек 12 вольттық қуат береді. Алда қуат көлемін арттыру көзделмек. Автор бұл қозғалтқыштың бұрын ойлап табылғанын айтты. Дегенмен, болашақ физигіміз 1 жыл көлемінде зерттеулер жүргізіп толықтырулар енгізген.

 

- Бірінші рет оны Джозеф Генри атты америкалық ғалым ойлап тапты. Оның ойынша осы қозғалтқышты өмірге енгізсек атмосферамыз тазаланады, зияны болмайды. Осылай менің қозғалтқышымды күнделікті өмірге енгізуге болады, - дейді жас ғалым.

 

Бүгін 11-ші халықаралық байқаудың жүлдегері тағы бір мәрте қошеметке бөленді. Зияткерімізге Кенжекөл әкімдігі бағалы сыйлықтарын табыс етті.