• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық ХҚКО-на алдын ала кезекке жазылып керек емес

Павлодарлық ХҚКО-на алдын ала кезекке жазылып керек емес

Келушілер «Ashyq» қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеп өз статустарын біле алады. Немесе қызметкерлерге жүгінуге болады. Екпе алғандарда «жасыл», ал бейтарап аймақтағыларға «көк» түсті көрсетеді. Егер «қызыл» болса, ақпарат автоматты түрде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жүйесіне түседі. Орталық мамандарының айтуынша қызмет алушылар кезекті алдын ала брондап та қоя алады.

 

- Ол міндетті түрде қажет емес. Алайда егер клиент алдын ала кезекті брондап қойса артықшылығы көп болады. Бұл келуші өз уақытын білетіндіктен ыңғайлы, - дейді Павлодар қаласы №3 халыққа қызмет көрсету бойынша бөлім басшысы Азина Мұхамедиярова.

 

Бұл халыққа қызмет көрсету орталығына күніне 1500-ге жуық адам келеді. Көбіне жылжымайтын мүлікті тіркеу, оқушыларға, студенттерге анықтама алу сынды мәселелермен жүгінеді дейді халыққа қызмет көрсету орталығындағылар.