• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық зейнеткер орталық су жүйесіндегі апаттан кейін ауыз судан қағылған

Павлодарлық зейнеткер орталық су жүйесіндегі апаттан кейін ауыз судан қағылған

Зинаида Ивановна бұл үйде 20 жылдай тұрып келеді. 2007-де орталық желіге қосылған. Бірнеше рет апат орын алыпты. Соңғысынан кейін берекеті кеткен. Зейнеткер ауыр салмақ көретуге денсаулығым жарамайды десе де ауыз суды осылай шелектеп тасуға мәжбүр. Тиісті мекемелерге жүгінгенін де айтты. Алайда әрекет жоқ деп налиды. 

 

- Дала батпақ, көк тайғақ болып жатқанда темір жол маңындағы құдықтан су тасыдым. Кейін сәл жақын жердегі құдықты жөндеді. Әкімдікке, 109-ға хабарластым. Қажетсіз кеңестер айтты. Киімдерді жуатын кезде 8 дүңгір су қажет. Қашанға дейін осылай жүре беремін?, - деді Ростовская көшесіндегі 15-үйдің тұрғыны Зинаида Герт.

 

Ал қалалық әкімдік аталмыш жәйтқа қатысты түсініктеме бермеді. Айтуларынша орталық желіге алпауыт жауапты. Оған қоса бұл жеке меншіктік аумақ. Сол себептен 65 жастағы зейнеткер мәселені өзі шешуі керек дейді. Шенеуніктердің пайымдауынша құбыр қыстан кейін жібімей қатып жатыр.