Павлодарлық зейнеткерлер тегін жаттығу құралдарынсыз қалды
Владимир Хитровский ондаған зейнеткерді жинап алып салауатты өмір салтын ұстанады. Алайда қазір таза ауада спортпен жаттығу аталар мен әжелер үшін мүмкін болмай отыр. Және бұған ауа райы кедергі емес.
Көшедегі жаттығу құрылғыларының көп бөлігі ауыстыруды немесе жөндеуді қажет етеді. Владимир Хитровский өзінің күтімі жоқ спорт алаңына жабырқай қарайды. Лас, шимай-шимай. Барлық жері сынған. Бояуы түсіп қалған. Қосалқы бөлшектерін тот басқан.
- Барлығы жақсы болатын. Әжелер жиналып жаттығатын едік. Ласточкадан Шаңырақ саябағына келетін едік. Қазір барлығы сынып тұр, - дейді Павлодар тұрғыны Владимир Хитровский.
Зейнеткерлер енді сынған құрылғыларда жаттыға алмай жүр. Қазір Павлодарда 450 жаттығу алаңы бар. Қалалық спорт бөлімінің балансында 155, оның 70-і «Батыр» мектебінің иелігінде. Бір құрылғы шіріп жатса, қалғандары қайда кетеді деген сұрақ туындайды. Көбісі ғайып болады.
- Жаттығу құрылғыларын ұрлайды. Металлға тапсырады. Немесе олар шіріп кетеді. Қазір қосалқы бөлшектерді келесі жылы толық сатып аламыз деп жоспарлап отырмыз. 50 миллион теңге бөлінеді деп жоспарлануда, - дейді Павлодар қаласы денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Руслан Дәутеков.
Ирбис телекомпаниясы егде жастағы атлеттерді назардан тыс қалдырмады. Спорт бөлімінде жаттығу құрылғыларын қалпына келтіруге сөз берді. Айта кету керек осындай бір алаңды жөндеуге шамамен 300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін кетеді.