• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық «Реченька» саяжайының тұрғындары шыбын қаптап, талап жатыр деп шағымдануда

Павлодарлық «Реченька» саяжайының тұрғындары шыбын қаптап, талап жатыр деп шағымдануда

 

Ольга Пантелееваның күні әрдайым бірдей басталады. Шыбынға арналған жабысқақ тұзақтың құны- 60 теңге, ал ол соның бірін емес, бірнешеуін алады. Дихлофостың да бағасы арзан емес, 1 данасы – 800 теңге. Ольганың айтуынша 30 жыл ішінде саяжайдағы бұндай жағдай алғаш рет.

- Мен арнайы мамандарды шақыртпақшы болдым, алайда олар бұдан ештеңе шықпайтынын мәлімдеді. Улағаннан кейін қайта пайда болады. Шақпаса да, ұйықтау мүмкін емес,- деді Ольга Пантелеева.- Бірнеше күн ішінде дихлофостың 1 данасы бітеді. Масаның көңілін аударатын басқа да заттар сатып аламыз. Түрлі жабысқақтар және тағы басқалары, оладың да құны аз емес, алайда еш көмегі жоқ.Табалдырықта үйіліп қалады, үйге кіру мүмкін емес. Кірген кезде артыңнан бірталай шыбын ереді,-дейді жергілікті тұрғын Жібек Туғанова.

 

Саяжай тұрғындары шыбындар тазарту қондырғыларынан ұшады деп болжайды. Бірақ монополист-компания бізге улау бойынша мәселе жоқ деп мәлімдеді. Айта кету керек, шаруашылық Павлодар ауданына қарасты. Шенеуніктер бұл мәселе жайлы бүгін білді. Келесі аптада ғылыми топпен барып тексеретіндігіне уәде берді.

- Бүгінде бұл мәселенің екі нұсқасы бар. Біріншісі, жақын жерде «Павлодарводоканал» тазарту қондырғылары бар және онда улау жасалса да, жеткіліксіз мөлшерде болуы мүмкін. Екіншіден, бұнда көптеген жануарлар бар — бұл сиырлар, шошқалар және т.б. Шыбындар сол жерден шығуы мүмкін»,- деп мәлімдеді Павлодар ауданы экономикасының нақты секторы бөлімінің басшысы Серік Булимисов.

Аудандық әкімдікте бұл жағдайдың себеп-салдарын анықтап, мәселені шешетінін мәлемдеді.